388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта 78 жастағы қазақстандық суға кетіп, көз жұмды

  • 192
Таиландта 78 жастағы қазақстандық суға кетіп, көз жұмды

Таиландта 78 жастағы қазақстандық әйел суға кетіп, көз жұмды.

Оқиға Паттайя провинциясында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таиландтағы жағдай бойынша, қайғылы оқиға 26 қыркүйекте тіркелді. 78 жастағы қазақстандық азамат Паттайя провинциясында суға кеткен. Алдын ала ақпарат бойынша, егде әйел суға тұншығып, көз жұмған. Алайда, біз медициналық тексерістің нәтижесін күтіп отырмыз», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, егде әйелдің жары денені кремациялап, Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылдаған.

«Олар жергілікті ритуалды компаниямен байланысқа шыққан. Жағдай бақылауда», –деді Айбек Смадияров.

Хабар 24 телеарнасы