389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда қоғамдық көлік апатқа ұшырады

  • 223
  • UPD: 17:51, 30.09.2019
Атырауда қоғамдық көлік апатқа ұшырады atpress.kz

Атырауда жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды  ATpress.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысқан. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. 

«Оқиға орнына жәдел-жәрдем көлігі дереу келді. 4 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, 5-еуі амбулаторлық, 2-еуі станционарлық ем алып жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық денсаулық сақтау басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, № 22 автобус - Нұрсая, Самал ықшам аудандары мен «Дина» базары аралығына қатынайды.

Хабар 24 телеарнасы