389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда тұрғын үй отқа оранды

  • 173
Оралда тұрғын үй отқа оранды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 05.35-те Л.Толстой көшесі 143-мекенжайында орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Салынып жатқан көппәтерлік үй аумағында орналасқан жеке тұрғын үйдің төбесі, жеке заттар мен мүліктер жанған. Өрт аумағы 40 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 9 адам, 3 техника жұмылдырылды. Өрт 06.17-де оқшауланып, 06.49-да сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы