389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда тұрғын үйде өрт болып, 40 адам эвакуацияланды

  • 183
Оралда тұрғын үйде өрт болып, 40 адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 10.43-те Е.Орақбаев көшесі 35-үй 18-пәтерде орын алды, деп хабарлайды Қазақпарат

Бесінші қабаттағы пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған.

Өрт салдарынан осы үйден 40 адам сыртқа шығарылса, соның 15-і – балалар. Өрт 11.11-де оқшауланып, 11.25-те сөндірілді. Оған 8 адам, 3 техника қатыстырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адам анықталу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы