389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 82 жастағы қарияны ұрып кірпішпен өлтірген күдікті ұсталды

  • 175
  • UPD: 12:58, 03.10.2019
Алматы облысында 82 жастағы қарияны ұрып кірпішпен өлтірген күдікті ұсталды korupciya.com

Алматы облысында 82 жастағы қарияны 40 жастағы ер адам кірпішпен ұрып өлтірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысы Алакөл ауданының 82 жастағы тұрғыны өз үйінде өлі күйінде табылды. Тәртіп сақшыларының тексерісі барысында қарияның басы жарылғаны анықталған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде көрші ауылда тұратын 40 жастағы ер адам күдікті деп танылды. Бірнеше күн бойы ұстатпай жүрген күдіктіні полицейлер ауыл шетіндегі баспаналардың бірінен қолға түсірген. Тергеу барысында ол зейнеткердің үйінен 25 мың теңге ұрлағанын әрі марқұмды кірпішпен ұрғанын мойындады.

Ернар Сайділдин, облыстық ПД ресми өкілі:

- Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағына және 102-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Хабар 24 телеарнасы