389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда пәтерден ерлі-зайыптының мүрдесі табылды

  • 221
  • UPD: 17:12, 03.10.2019
Оралда пәтерден ерлі-зайыптының мүрдесі табылды

Орал қаласындағы пәтерлердің бірінен 10 күн жатып қалған ерлі-зайыптының мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орал қалалық полиция басқармасының бастығы Мирлан Әйкеновтің айтуынша, оқиға бүгін шамамен сағат 11.00-де Гагарин көшесі бойындағы 3 қабатты үйде болған. Осындағы пәтерден 54 жасар ер және 52 жасар әйел адамның денелері табылды.

«Мүрделердің жатып қалғанына он күндей болған. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, олар уланып қалған секілді. Өлімнің нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады», – М.Әйкенов.

Хабар 24 телеарнасы