389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда сауда үйінен киім ұрлаған тұрғын ұсталды

  • 143
  • UPD: 09:29, 04.10.2019
Павлодарда сауда үйінен киім ұрлаған тұрғын ұсталды ustinka.kz

Сауда үйлерінің бірінде киімдер ұрлаған облыс орталығының тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.00-де әйел адам ешкім байқамаған сәтті таңдап алып, бутиктердің бірінде жейде ұрлаған. Киімді ұяшыққа салып қойып, бір сағаттан кейін сол сауда үйіндегі басқа бутиктен күртеше ұрлап кеткен. Бірақ ұрланған заттармен алысқа кете алмады. Күдіктіні сауда орталығының күзет қызметкерлері ұстады.

«Мұндай іске барған азаматша ешбір жерде жұмыс істемейтіні анықталды», – деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 187- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы