389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте пошта бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

  • 152
  • UPD: 11:18, 04.10.2019
Шымкентте пошта бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Қылмыстық оқиға күндізгі уақытта қаланың орталығында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Куәгерлердің сөзінше, аталған пошта бөлімшесі қаланың оңашалау жерінде орналасқан. Күдіктілер қазіргі таңда зейнетақы таратып жатқан пошта қызметкерлеріне қарақшылық жасап, тонап кеткен. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы қылмыс бойынша тергеу шаралары басталды.

«Шымкент қаласының пошта бөлімшелерінің бірінде жасалған қарақшылық шабуылға сәйкес ҚР ҚК-нің 192-бабымен «Қарақшылық« сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта қаскүнемдердің жеке басын анықтау және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Әзірге поштадан қанша ақша ұрланғаны және қызметкерлеріне қандай жарақат салынғаны туралы айтылмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы