389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 13,5 тонна дизель отынын заңсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды

  • 148
Алматы облысында 13,5 тонна дизель отынын заңсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Алматы облысында 13,5 тонна ілеспе құжатсыз дизель отынын тасымалдаған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бірлескен іс-шаралар барысында Қарасай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, Алматы облыстық мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеулер департаменттерінің қызметкерлері мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау мен айналымының жолын кесу мақсатында аудан аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Шара барысында Қарасай ауданының Көксай ауылында жалпы сомасы 1 266 300 теңгеге 13,5 тонна дизель отынын ілеспе құжатсыз тасымалдаған тіркемесі бар ЗиЛ маркалы автокөлік ұсталды», – делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта әкімшілік заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, материалдар Қарасай ауданының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы