389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да бір үйір қасқыр 60-қа жуық қойды тамақтап кетті

  • 175
  • UPD: 18:04, 04.10.2019
ШҚО-да бір үйір қасқыр 60-қа жуық қойды тамақтап кетті

Еліміздің шығыс аймағында үйірлі қасқыр 60-қа тарта қойды тамақтап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарбағатай ауданының Ахметбұлақ ауылында түз тағылары түнгі мезгілде малға шапқан.

Куәгерлер 80-ге жуық ұсақ малдың өлгенін әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Жаңа ауыл селолық округінің әкімі болса, бұл ақпардың жаңсақ екенін мәлімдеді. Айтуынша, 50-дей қойды қасқыр не болмаса бұралқы ит жеп кетуі мүмкін.

Араға бір күн салып осы елді мекенде тағы екі қой жазым болды. Шекараға жақын тұрған ауылда мылтық қолдануға болмайды. Осы себепті тұрғындар төрт түлігін жыртқыштардан қорғай алмай отыр.

Айта кетейік, былтыр Ахметбұлақ ауылының тұрғыны сарайға түскен қасқырды атқаны үшін жауапқа тартылды. Биыл осы селоға аю кіріп кетті. Абырой болғанда, орман жануарын мылтықсыз қуып шығарудың сәті түскен.

Дауытбек Ниязбеков, Жаңаауыл селолық округінің әкімі:

Ең бірінші қасқырды ату үшін арнайы рұқсат керек, лицензия алу керек. Тиісті құжаттар болу керек. Аудан әкімшілігіне айттық, аудан әкіміне айттық. Бұл кісілер ары қарай аңшыларды шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы