389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында полицейлер аяғы ауыр әйелді босандырып алды

  • 221
  • UPD: 08:24, 05.10.2019

Түркістан облысының полицейлері толғағы қысқан әйелді босандырып алды. Оқиға Кентау қаласына қарасты ауылдардың бірінде болған.  

Үшқайық ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Нұрбол Темірханұлы мен полиция капитаны Бақтыбай Қалабаевқа Жалаңтөс ауылына қарасты мал фермасының тұрғыны хабарласып, көмек сұраған. Ол жедел жәрдемге қоңырау соғып ала алмай жатқанын, әйелінің толғағы қысып қиналу үстінде екенін айтқан. Тез арада жиналған полицейлер малды ауылға тартады. Жарты сағат көлемінде діттеген жерге жеткен тәртіп сақшылары 21 жастағы жүкті әйел мен күйеуін қызметтік автокөлікке отырғызып, Кентау қаласына бет алады.

Нұрболат Темірханұлы, учаскелік полиция инспекторы:

- Жолда жүкті әйел жете алмай қиналғаннан кейін босандыруға тура келді. Біз өзіміздің алғашқы көмегімізді бердік. Түркістан қаласына жақындағанда жедел жәрдем де келіп жетті. Сол кезде босанған әйел мен баласын жедел жәрдемге мінгізіп жібердік. Ауыл азаматтары хабарласқан жағдайда біз қандай көмекке болсын баруға дайынбыз.

Виолетта Раковица, босанған келіншек:

- Мен полицияның қызметтік көлігінде босандым, перзентханаға жетіп үлгермедім. Дер кезінде келіп, көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына алғысымды айтамын.

Хабар 24 телеарнасы