389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе маңында оқушылар мінген автобус аударылды

  • 232
  • UPD: 15:07, 05.10.2019
Ақтөбе маңында оқушылар мінген автобус аударылды

Ақтөбе қаласы маңында балалар мінген автобус аударылып, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Ақтөбе облыстық денсақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама сағат 11:01-де түскен. Жедел жәрдемнің 7 бригадасы оқиға орнына жетіп, барлығы 19 адамды ауруханаға апарды.

«Солтүстік айналма жолда, яғни Родниковка ауылы трассасында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Зардап шеккендердің бәрі сағат 11:10-да ауруханаға жеткізілді. Ауыр жараланған ешкім жоқ. Олар жедел жәрдем ауруханасына, балалар ауруханасы мен облыстық медицина орталығына жеткізілді», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы