389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде аударылған автобуста 18 оқушы мен тоғыз ата-ана болған

  • 195
  • UPD: 17:49, 05.10.2019

Ақтөбеде аударылған мектеп автобусында 18 оқушы мен 9 ата-ана болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік айналма жолдың 13 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автобус ішінде №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушы мен 9 ата-ана болған. «Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, «Тәжікстан азаматы мінген «Ниссан» көлігімен түйісіп қалды. Салдарынан автобус аударылды. Жедел жәрдем қызметі 16 баланы ауруханаға жеткізіп, екеуі жатқызылды. Ал жедел жәрдем ауруханасына 3 ересек адам жеткізілді. Оқиға орнында дәрігерлер, полиция мен төтенше жағдай қызметі жұмыс істеді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жолға шыққан мектеп автобусы полициядан қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы өтініш жасамаған.

Хабар 24 телеарнасы