389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үш үйден өрт шықты

  • 155
  • UPD: 13:02, 06.10.2019
Алматыда үш үйден өрт шықты tengrinews.kz

Алматыдағы үш үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметі бойынша, жалпы ауданы 395 шаршы метр болатын үш жеке тұрғын үй мен ауладағы құрылыстар жанған.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.

ТЖД өкілдері өрт сөндірілгенін айтты.

Оқиға орнында ТЖД-ның 44 қызметкері мен 18 техника және Алмалы аудандық полиция басқармасының 13 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеді.

Хабар 24 телеарнасы