389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылды

  • 145
  • UPD: 15:51, 06.10.2019
Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылды

Баланың денесі бүгін сағат 10:00 шамасында Әбубәкір Кердері көшесі бойындағы көп қабатты үйдің ауласынан табылған.

Куәгерлердің айтуынша, шала туылған шақалақ өлі болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпараттың прокуратураның келісімімен ертең берілетінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы