389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада екі автобус соқтығысты

  • 301
  • UPD: 10:59, 07.10.2019
Елордада екі автобус соқтығысты

Елордада жолаушылар автобусы аялдамада тұрған балалар автобусына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 07:24-те Мәнгілік ел даңғылындағы автобус аялдамасында №15 автобустың жүргізушісі берілген сигналды ескермей, аялдамада балаларды күтіп тұрған мектеп автобусына соғылды. Оқыс оқиға болған кезде мектеп автобусының ішінде жолаушылар болмаған», – делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, №15 автобустың ішінде 30 адам болған. Оқиға салдарынан оның екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы