389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық Павлодарда жүр – СІМ

  • 377
  • UPD: 17:26, 07.10.2019
Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық Павлодарда жүр – СІМ

Оңтүстік Кореяда 7 жастағы баланы қағып кеткен Қазақстан азаматы елде жүр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ол бірден Қазақстанға қашып кеткен. Яғни, ұшаққа билет алып, еліне жеткен. Қазіргі уақытта бостандықта. Павлодарда тұрып жатыр.1999 жылғы жігітке қылмыс Қазақстан аумағында жасалмағандықтан ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған.

Еске сала кетейік, Қазақстан азаматы 18 қыркүйек күні Оңтүстік Кореяда автокөлікпен кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын.

Айбек Смадияров, ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

– Жергілікті құқық қорғау органдары оны тауып, сөйлескен. Корея тарапынан арнайы құжаттар келіп түсті. Ол құжаттар бас прокуратураға жолданды. Енді бұл мәселе екі мемлекеттің құқық қорғау.

Хабар 24 телеарнасы