389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада күйеуі әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді

  • 177
  • UPD: 23:21, 07.10.2019
Елордада күйеуі әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді

Елордада күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген 38 жастағы әйелдің халі өте ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денесінің 75%-ін күйік шалған. Бұл туралы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының дәрігерлері хабарлады. Мамандардың айтуынша, қазір зардап шеккен келіншектің өкпесі жасанды демалу аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, кеше күндіз полицияға қоғамдық көлік аялдамасында денесін күйік шалған әйелдің отырғандығы туралы ақпарат түскен. Әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері күдікті ретінде әйелдің 43 жастағы күйеуін ұстады. Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін тасалау жерге апарып, үстіне бензин құйып, өртеген. Қазір адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындаған.

Татьяна Лебига, травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының дәрігері:

- Денесінің көп бөлігін термиялық күйік шалған. Жоғарғы тыныс алу жолдары қатты зақымданыпты. Зардап шегуші азаматша қатты шошынғандықтан жағдайы өте ауыр.

Хабар 24 телеарнасы