389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда 13 жастағы жасөспірім сегізінші қабаттан секіріп, мерт болды

  • 171
  • UPD: 19:42, 07.10.2019
Көкшетауда 13 жастағы жасөспірім сегізінші қабаттан секіріп, мерт болды

Көкшетауда 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға өткен жұма күні болған. Полицейлер 13 жастағы жасөпірім өз пәтерінің балконынан секіріп кеткендігін растады. Қазір тәртіп сақшылары осы фактіге қатысты мән-жайды анықтауға кіріскен. Белгілісі – бала үйдің үлкені. Бұрын-соңды теріс қылығы байқалмаған. Мектеп ұжымы марқұмның оқуда белсенді болғандығын айтады. Әзірге бұл өлім жұмбақ күйінде қалып отыр. Дей тұрғанмен, бала сегізінші қабаттан секірер алдында хат жазып қалдырған екен. Жалпы Ақмола облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 15 бала өз-өзіне қол жұмсаған. Үшеуі бақилық болды.

Айнаш Ғалымова, облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі:

Бала мектепте өте белсенді болған. Тіпті облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған түрлі жарыстарға қатысып отырған. Оның өз-өзіне қол жұмсағандығына әлі сене алар емеспіз.

Гүлнәр Пинчук, облыстық пд баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 105-бабына сәйкес іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бүгінде тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы