389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейнеуде газ баллоны жарылысынан жараланған өзбекстандық жігіт еліне жіберіледі

  • 180
  • UPD: 19:48, 07.10.2019
Бейнеуде газ баллоны жарылысынан жараланған өзбекстандық жігіт еліне жіберіледі

Бейнеудегі газ баллоны жарылысынан зардап шеккен екі адамның бірі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның денесінің 78%-ін күйік шалған. Осы 20 жастағы өзбекстандық азаматтың анасы Қазақстанға келіп, Бас консулдыққа баласын алып кетуге өтініш жазған. Дипломатиялық мекеме науқасты туған жеріне тез арада жіберуге көмектесіп жатыр. Ал 44 жастағы екінші азамат ауруханадан шықты. Баспанасы жөнделгенше туыстарын паналай тұрмақ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбіде Бейнеуде тұрмыстық газ балоны жарылып, екі адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Нұрбол Оқуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Оның біреуі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. Қазіргі таңда ол туысқандарының үйін паналап жүр. Екінші адам 20 жастағы жігіт. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырып қойған. Қазір сол анасының өтініші бойынша жарақат алған баланы еліне алып кету амалдары қарастырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы