389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

  • 157
  • UPD: 22:08, 07.10.2019
Жамбыл облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қаскөйлер Қызыл кітапқа енген жануарды Нартай құмынан атып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолға түскен үш азамат та жергілікті тұрғындар. «Олар аңға түн уақытында шыққан. Яғни, арнайы пиғылмен барған», - дейді полицейлер. Күдіктілер мінген көліктен екі қарақұйрықтың басы мен денесі табылды.

Мұрат Байсеркенов, облыстық ЖП қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұрын істі болмаған 35-40 жас шамасындағы азаматтар. Екі ұңғылы аңшы қаруларын қолданған. Қылмыстық кодекстің 337-бабының талабымен бұл кісілерге 3 мың АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке немесе сол бағытта шара қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы