389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабай ұлттық саябағында заңсыз ағаш кескендер ұсталды

  • 162
  • UPD: 23:44, 07.10.2019
Бурабай ұлттық саябағында заңсыз ағаш кескендер ұсталды inform.kz

Ақмола облысының бірқатар аудандарында заңсыз ағаш кесу оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында қазанның 5-31 күндері табиғатты қорғау заңнамасының қорғалуын қамтамасыз ету, биологиялық ресурстар өнімі мен нысандарының заңсыз айналымын, экологиялық қылмыстарды ашу бағытында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Шараның алғашқы күні Ақмола облыстық ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өңірлік органдары бірлесіп жүргізген тексеріс кезінде Солтүстік орман шаруашылығы аумағында 36 квартал, 39 еншісінде жалпы көлемі 0.7 текше метр ағаштың оталғаны анықталды.

Сонымен қатар, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орман шаруашылығы аумағында 105 квартал, 17 еншіде қайың және қарағай ағаштарының заңсыз кесілгені белгілі болды. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі - 499 000 теңге.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде Степняк қаласы мен Зеренді селосының 56 және 36 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде олардың үстінен заңсыз ағаш кесуге қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп айтты ведомстводан.

Айта кету керек, мемлекеттік орман қорында заңсыз ағаш кескен адамдарға ҚР ҚК 340-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

Хабар 24 телеарнасы