389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық ұланның лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

  • 130
  • UPD: 10:30, 08.10.2019
Ұлттық ұланның лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

ҚР Ұлттық ұланның «5517 әскери бөлімі» РММ-нің лауазымды бірқатар тұлғасы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық ұланының «5517 әскери бөлімі» РММ бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Ж.М.Омаровқа және аталған РММ-нің киім-кешек қызметі бөлімінің бастығы лейтенант Т.Б. Қыдыровқа қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын», – делінген хабарламада. 

Биыл, 7 қазанда Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен Омаров пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал Қыдыровқа 6 млн теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы белгіленді. Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ әскери атақтарынан өмір бойына айырылды.

Хабар 24 телеарнасы