389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда оқушы қыз Lexus көлігін мініп қашты

  • 120
  • UPD: 12:31, 08.10.2019

Талдықорғанда біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен 15 жастағы колледж студенті құрықталды.

Бойжеткен жол талғамайтын автомобильді моншаның ауласынан мініп кеткен. Полиция қызметкерлері күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы тез тапты.   Машина қаладан шыға берістегі Үштөбе бағытына қарай шығатын тас жолдың бойынан талбылды. Соңынан анықталғандай бойжеткен автокөлік иесінің танысы болып шықты. 

Ернар Сайділдин, полиция департаментінің ресми өкілі:

- Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Кәмелетке торлмаған қыз бала көлікті заңды құжатсыз және иесінің рұқсатынсыз басқарғаны үшін жауапқа шақырылады. Қазір ҚР ҚК 200-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматыда жол апаты салдарынан 1 адам қаза тауып, 7 адам зардап шекті.  Соқтығысудан аса ауыр дене жарақатын алған бір адам ауруханаға шұғыл жеткізілгенімен сол жерде жан тапсырады. Ал тәртіп сақшылары кінәлі деп тапқан 28 жастағы ер адам қазір қалалық уақытша оқшаулар изолятыран тоғытылды. Ал зардап шеккендердің алтауына амбулаторлық ем тағайындалды. Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. 

Оңалсын Ибекенов, қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Науқастың жағдайы ауыр. Диагнозы қосарланған ауыр жарақат. Бас-ми жарақаты. Мидың соғылуы. Мойын омыртқаларының сынуы. Сол жақ қабырғаларының көптеген сынуы. Травматикалық шок. Науқасқа барлық диагностикалық әдістер жасалды. Қазіргі кезде емін алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы