388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да үш балықшы суға кетті

  • 170
  • UPD: 14:35, 08.10.2019
ШҚО-да үш балықшы суға кетті

Шығыс Қазақстанда үш балықшы суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД-ға Ұлан ауданының Қанай ауылында (Жаңа Қанай ауылынан 3 шақырым жерде-авт.) жергілікті тұрғындар судан 1958 жылғы азаматты алып шыққаны туралы хабарлама түсті.

«Егделеу ер адам балық аулап отырған жерінде абайсызда қайықтан құлап, суға батып кеткен. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасында Құлынжон ауылынан 17 шақырым жерде 1981 және 1983 жылғы екі балықшының суға кеткені белгілі болып отыр. Олар резеңке қайықпен балық аулауға шығып кеткен. Олардың денесі 7 қазанда табылды», – деді ТЖД. Құтқарушылар балық аулау кезінде азаматтарды абай болуға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы