389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда бәзбіреу қоғамдық көліктерге оқ атты

  • 137
  • UPD: 10:25, 09.10.2019
Қарағандыда бәзбіреу қоғамдық көліктерге оқ атты

8 қазанда қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз береу пневматикалық қарудан адамдар отырған жолаушылар автобустарына оқ атқан.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ,  деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Оқиға 45 квартал аялдамасында кешкі 19:00-де болды. Белгісіз адам аялдама маңында тұрып, бұзақылық әрекеттермен № 40, 45, 33 бағытында жүретін автобустардың терезесін сындырған. Ол пневматикалық қарудан оқ атты. Оқиға болған кезде автобус салонында шамамен екі жүздей жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ»,– деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер автобустардың бірінен металл шаригін тапқан, оның диаметрі – 4,5 милиметр, пневматикада қолданылады. 
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта полицейлер бұзақының кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр», – деді ведомство өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы