389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алға аудандық емханасына белгісіз біреулер жас жігіттің мәйітін апарып тастаған

  • 162
  • UPD: 12:57, 09.10.2019
Алға аудандық емханасына белгісіз біреулер жас жігіттің мәйітін апарып тастаған

Ақтөбе облысындағы Алға орталық аудандық ауруханасына белгісіз біреулер жүрек тұсындағы пышақ жарақатымен жас жігіттің мәйітін әкеліп, оны аурухана дәлізінде қалдырып, қашып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекші аурухана қызметкерінің айтуынша, олар қара түсті машинада үш адам болған. Көлік маркасын қарай алмаған. Дәрігерлер бірден «102» нөміріне қоңырау шалған. Алға аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөлімі барлық тәртіп жасақтарына хабар берді. Көп ұзамай Бештамақ ауылына кірер тұста, үш ер адам мінген қаракөк түсті «Лексус» автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде күдіктілердің біреуі жанжал барысында зардап шегушіге пышақ жарақатын келтіргенін, оқиға орнында көз жұмғанын айтып кінәсін мойындады.

Күдіктіден кісі өлтіру құралы – пышақ табылды.

Хабар 24 телеарнасы