389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қарттар үйі өртеніп кетті

  • 114
ШҚО-да қарттар үйі өртеніп кетті

ШҚО-ның аудандарының бірінде қарттар үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды altaynews.kz сайты

Өрт Алтай ауданына қарасты Парыгино ауылындағы «Лад» коммерциялық емес қайырымдылық мекемесінің ғимаратында болды. Жалын әуел баста моншада тұтанып, кейін жанындағы пансионаттың ғимаратына ауысқан.

Пансионат қызметкері моншадағы түтінді байқап қалып, өрт сөндіру қызметін шақыртады. Өрт сөндірушілер пансионат қызметкерлерімен бірге 18 зейнеткерді қауіпсіз жерге көшірген.

Өрттің жалпы аумағы 302 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ. Алайда пансионатқа өте үлкен шығын келген екен.

Қазіргі уақытта пансионатта тұрып жатқан қарттар панасыз қалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы