389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда белгісіз біреу аялдамадағы автобустарға оқ жаудырды

  • 130
  • UPD: 13:40, 09.10.2019
Қарағандыда белгісіз біреу аялдамадағы автобустарға оқ жаудырды

Қарағандыда белгісіз біреу аялдамадағы қоғамдық көліктерге оқ жаудырды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушыларға толы 3 автобус қаскүнемнің көзіне түскен. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Аталмыш жағдай кешкі уақытта болған. Қылмыскер оқиға орнынан қашып құтылды, ал полицейлер автобус ішінде пневматикалық қаруларда қолданылатын металл шарларын тапты.

Жанатай Сембеков, облыстық ПД ресми өкілі:

45 квартал аялдамасында белгісіз адам пневматикалық құралды қолданумен қоғамдық көліктердің терезесін сындырған, зардап шегушілер жоқ, аталған факт бойынша бұзақылық бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Бүгінгі таңда күдіктіні анықтап, ұстау жөнінде кешенді іс шаралар жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы