389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде басқа елдің акциздік таңбалары бар темекі саудаланған

  • 129
Семейде басқа елдің акциздік таңбалары бар темекі саудаланған

Семейде басқа елдің акциздік таңбалары бар темекі мен сапасыз ішімдік сатылып келген.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңсыз тауарды бүгін Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері анықтады. Шугаев көшесінде орналасқан дүкенде Қырғыз Республикасының акциздік таңбаларымен және акциздік таңбалары жоқ жалпы 1 180 қорап темекі өнімдерін сату үшін сақтағандығы анықтады. Сонымен қатар, осы дүкен қоймасынан 5 литрлік пластикалық бөтелкеде құрамында адкогольі бар сұйықтық табылды, жалпы көлемі 350 литрді құрайтын 70 пластикалық бөтелкеге құйылған», – делінген хабарламада. Осы орайда, ведомство өкілдері аталған факті бойынша айыпты адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылатынын мәлім етті.

Хабар 24 телеарнасы