388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мемлекеттік қорға тиесілі астық ұрланды

  • 213
  • UPD: 23:46, 09.10.2019

Еліміздің шығысында мемлекеттік қорға тиесілі астық ұрланды. Басты күдіктілер Семей мен Бородулихадағы жеке қоймалардың басшылары.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жоспардан тыс тексеруі барысында агротауардың 98 проценті жоқ болып шыққан. Қамбада сақталуы тиіс 17 мың 300 тонна бидай, қарақұмық пен күнбағыстың небәрі 200 тоннасы тұр. Судьялардың айтуынша астық қабылдау бекеттері «Азық-түлік корпорациясымен» жасалған келісімшарттың бұзылуын жасырып қалғысы келген. Тексерушілер қоймада астықтың орнына бидай себілген пішен, көң және қар жатқанын анықтады. Облыстық сотта өткен баспасөз мәслихатында айыптыларға қатысты азаматтық іс аяқталғаны айтылды. Айыпталушылар жоғары инстацияларға апелляциялық арыз жазған, бірақ шешім өзгерусіз қалды. Қамба қожайындары мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеумен қатар 280 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Назгүл Рахметуллина, облыстық соттың үйлестіруші-судьясы:

- Талап-арыз қанағаттандырылып, «Азық-түлік корпорациясына» ұрланған бидайдың 1 миллиард 400 миллион теңге шығыны өтеледі. Сондай-ақ астық сақтау келісім-шартында көрсетілген айыппұл көлемі де өндіріледі. 

Владимир Гайламазян, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- «Азық-түлік корпорациясына» тиесілі қолды болған бидайдың мөлшері 17 мың тонна. Қамбада сақтаулы астық ұрлығына қатысты жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы