389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен күдікті ұсталды

  • 166
  • UPD: 10:12, 10.10.2019
Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен күдікті ұсталды

Зорлау ісі бойынша күдікке ілінген Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«22:40-та Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздеу кешенді шаралары барысында 9 қазанда шамамен 12:22-де Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан денсаулығында психикалық ауытқуы бар адамдарды емедеу медициналық орталықтан қашып кеткен ер адамды ұстады. Ол тергеуде жүрген. Оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада. 

Полицияда қаладан шығатын аумақта іздестіру шараларын жүргізу барысында мәжбүрлі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.   Айта кетейік, осыған дейін 9 қазанда шамамен 12:22-де Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан денсаулығында психикалық ауытқуы бар адамдарды емедеу медициналық орталықтан қашып кеткен ер адамды ұстады. Медициналық орталыққа түскенге дейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Зорлау») бойынша айып тағылған.  Полицейлердің айтуынша, күдікті медициналық орталыққа сараптамадан өту үшін жеткізілген. 

Хабар 24 телеарнасы