389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елу сегіз адамның 66 млн теңгесін алдап алған қызылордалық сотталды

  • 239
  • UPD: 11:35, 10.10.2019
Елу сегіз адамның 66 млн теңгесін алдап алған қызылордалық сотталды

Қызылордада пәтер алып беремін деген желеумен 58 адамды алдап кеткен азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алаяқтықпен айналысқан әйел 2016-2018 жылдар аралығында жергілікті тұрғындардан ақша алдап алған. Ол тұрғындарға Қызылорда қаласының аумағынан салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер алып беретінін айтқан. Осылайша жәбірленушілердің сенімдеріне кіріп, олардан ақша алған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 66 млн теңгеден астам мөлшерде шығын келтірген.

«Ол алаяқтық қылмысы үшін сот жауап беріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды» – деді Қызылорда облыстық прокуратурасы. 

Хабар 24 телеарнасы