389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да ауылға қабан кіріп кетті

  • 124
БҚО-да ауылға қабан кіріп кетті

Батыс Қазақстан облысында ауылға жабайы қабан кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Бәйтерек ауданының орталығы Переметный кентінде болған. Сағат 18.56-да ауыл тұрғынынан балалар ойнайтын алаңда жабайы қабанның жүргені жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына екі полиция қызметкері келіп жеткен. Олар қабанды ауылдан шығарып жіберу үшін шаралар қолданған. Алайда, қабан оған оңайлықпен көне қоймай, адамдар өміріне қауіп төндірген. Сондықтан полиция инспекторлары «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 61-бабы 1-бөлігі 6-тармағына (адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану мақсатында атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану) сәйкес табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған.

«Атыс қаруы қолданылғаны жөнінде ақпарат Бәйтерек ауданы прокурорына хабарланды», – деді ПД-дан.

 

Хабар 24 телеарнасы