389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда үш бала газдан уланды

  • 120
Қарағандыда үш бала газдан уланды

Қарағандыда жеке үйлердің бірінде пештің мұржасы дұрыс істемеуінен үш бала улы газға тұншығып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 қазан күні сағат 11:00-де Қарағанды қаласының Октябрь ауданында жеке тұрғын үйде жылыту пешін дұрыс пайдаланбау және түтін шығатын мұржаның ақауынан 2006, 2011 және 2013 жылы туған балалар улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 5 адам газға уланып қаза тапқан, 10 адам зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы