389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада донер дүңгіршегін тонамақ болған жұп терезеге кептеліп қалды

  • 85
  • UPD: 11:02, 11.10.2019

Елордада донер сататын дүңгіршекті тонамақшы болған ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл жәйт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Нысанның терезесіне түскен ер адамды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының инспекторы байқап қалған. Ол оқиға орнына полиция қызметкерлерін бағыттаған. Дереу жеткен тәртіп сақшылары екі адамды қолға түсірді. Кейін ұсталғандар Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізілген. Анықталғандай, алкогольдік ішімдік ішкен 26 жастағы жігіт қызбен бірге дүңгіршекке кіріп, қайта шыға алмай қалған. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Павлодар облысында үш бірдей полиция қызметкері Айтей ауылының тұрғындарын өрттен құтқарып қалды. Аққулы ауданының бөлімінде қызмет ететін майор Нариман Омарханов, аға лейтенант Мадияр Қадырхан және сержант Диас Аманжол орман алқабында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында, құрғақ шөптердің жанып, күш алып бара жатқанын байқап қалған. Тез тұтанған өрттің кең тарап, жақын маңдағы ауылға таяп қалғанын тұрғындар сезбей де қалыпты. Тәртіп сақшылары дереу арнайы қызметке хабар беріп, оларды құтқаруға кіріскен. Екі бірдей ауылдықты қызметтік көлігіне отырғызып, қызыл жалын мен қалың түтіннің арасынан жол бастаған полицейлер, соңдарынан екі тракторды ертіп шыққан. Оның бірін Нариман Омарханов жүргізген. Ажалдан аман қалған тұрғындардың алғысында шек жоқ. Себебі тәртіп сақшыларының арқасында тілсіз жау ауыздықталып, ауылдықтардың мүлкі, соның ішінде қысқа дайындалған отын мен мал азығы да аман қалды.

Ақтөбеде «Лада Приора 21723» маркалі автокөлік өртеніп кетті. Сәңкібай батыр даңғылы №85 «Г» үйінің ауданында өртке оранған машинаны сөндіру үшін №1 мамандандырылған бөлімнің жеке құрамынан 6 адам, 1 арнайы техника жұмылдырылған. Тілсіз жау 20 минут шамасында ауыздықталды. Жанған көлікте өрт сөндіргіш құралы болған, бірақ қолданылмапты. Болжам бойынша оттың шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

Өскемендік полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі затын тәркіледі. Шұғыл алдын алу шарасы барысында, есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері облыс орталығының 28 жастағы тұрғынынан 9 полимерлі қалташа тапқан. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде тағы да орамалар табылды. Сондай-ақ психотропты заттар салынған ұялы телефон қорабы тәркіленді. Барлығының жалпы салмағы 410 грамды құрайды. Осы дерекке байланысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы