389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртау маңындағы жол апатынан 4 адам көз жұмды

  • 128
Теміртау маңындағы жол апатынан 4 адам көз жұмды

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы көлік апатынан 4 адам көз жұмып, бір адам ауруxанаға түсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

10 қазан күні Теміртау қаласынан 4 шақырым жерде «Қарағанды-Теміртау» тас жолында 30 жастағы «ВМW-5281» автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласына қарай жүріп келе жатып, көліктің руліне ие бола алмай қалып аударылған.​Апаттан 21 жастағы көлік жолаушысы оқиға орынында мерт болса, жүргізушімен тағы да екі жолаушы Теміртау қалалық орталық ауруханасында көз жұмды. Сонымен қатар, көлікте болған тағы да бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.​Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4- тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, терегеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы