389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда теракт жасамақ болған адам сотталды

  • 114
  • UPD: 19:46, 11.10.2019

Алматыда лаңкестік шабуылдар жасауға әрекеттенген Айдар Бітімбаевқа қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы қалалық сот өкілдері хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, ұзақ уақыт бойы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының жақтаушысы болып келген Айдар Бітімбаевтың халық көп жиналатын орындарға шабуыл жасауға дайындалғаны анықталып, осы жылдың сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктіні қолға түсірген. Алмалы аудандық соты оған қатысты атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз түрде сақтау, діни алауыздықты қоздыру және терроризмді насихаттау бойынша іс қозғаған болатын.

Абай Жарылқасын, қалалық соты баспасөз қызметінің маманы:

– Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 60-бабының тармақтарына сәйкес, Алатау аудандық сотының үкімін жазасын өтелмегендіктен осы өтелмеген жазаның мерзімін ішінара қоса отырып оған түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда Бітімбаев өзінің жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне  енді.

Хабар 24 телеарнасы