389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы полигонда қаза тапқан әскеридің мәйіті туған жеріне жеткізіледі

  • 128
  • UPD: 18:13, 12.10.2019
Арыстағы полигонда қаза тапқан әскеридің мәйіті туған жеріне жеткізіледі

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында Арыс қаласында қаза тапқан әскери бөлімнің қызметкері Аманжол Ақышевті ақтық сапарға шығарып салуға әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, 11 қазан күні Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған полигонда оқдәрі қалдықтарын жою кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Аманжол Ақышев қаза тапқан еді.

Аманжол Сабырұлы Ақышев 1986 жылы СҚО Мамлют ауданы Афонькино елді мекенінде туған. Ата-анасы осы ауылда тұрады. Артында әйелі мен екі баласы қалды. СҚО-ның Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен мәлім еткендей, осы оқиғаға байланысты өңірге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев бастаған топ және Аманжол Ақышевпен бірге қызметтес болған әріптестері келе жатыр. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов өңірге жетті. Жерлеу рәсімімен байланысты барлық шығынды министрлік өз мойнына алды. Сондай-ақ ведомство марқұмның отбасына материалдық-әлеуметтік көмек беретіні мәлім болды. Әскери қызметшінің денесі бүгін Түркістан облысынан СҚО-ға жеткізіледі. Жер қойнына тапсыру рәсімі ертең өтеді.

Хабар 24 телеарнасы