389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада үйді су басқандықтан терезеден шықпақ болған балалар құтқарылды

  • 135
  • UPD: 18:36, 12.10.2019
Елордада үйді су басқандықтан терезеден шықпақ болған балалар құтқарылды

Елордада су басқан үйдің балалары терезеден секірмек болды. Балаларды төтенше жағдай мамандары құтқарып қалды.

«12 қазан күні сағат 13:28-де Уәлиханов көшесіндегі үйде ата-ана қарауынсыз қалған 2011 және 2015 жылы туған балалар жуынатын бөлмедегі су құбырының шүмегін жұлып алған. Салдарынан пәтерді су басқан. Қорыққан балалар үйдің терезесінен секірмек болған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл құтқару жасағы жетіп, балаларды аман алып қалды. Және балалар полиция қызметкерлеріне тапсырылды» - деп мәлім етті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Шұғыл құтқару жұмысына жеке құрамның 4 маманы мен 1 техника жұмылдырылды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы