389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қылмыстық топтан героин тәркіленді

  • 106
  • UPD: 18:54, 12.10.2019
Ақмола облысында қылмыстық топтан героин тәркіленді

Ақмола облысының тәртіп сақшылары жарты келіге жуық героин тәркіледі. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Әленов брифинг кезінде мәлімдеді.

Әленовтың айтуынша қылмыстық топтың заңсыз әрекеті ұзақ уақыттан бері бақылауда болған. Жіті зерттеу, зерделеу шаралары нәтижесінде үш жергілікті тұрғын ұсталды. Арасында ерлі-зайыптылар да бар. Қолға түсіру операциясы кезінде есірткі салынған 7 полиэтилен қаптама алынды. Героиннің басым бөлігі күдіктілердің бірінің шешесінің үйінен табылды. Олар 400 грамнан астамын 72 жастағы зейнеткердің үйінде жасырған. Жалпы жыл басынан бері Ақмола облысында есірткіге қатысты 60-тан астам қылмыстың жолы кесілген. Сонымен қатар 800 келіден астам тыйым салынған заттар тәркіленді. 

Бауыржан Әленов, облыстық ПД басшысының орынбасары:

-  Қазір ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты 207-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп, тексеру шаралары жүріп жатыр. Осы іске байланысты өзге ақпарат тергеу құпиясы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы