389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал әншілердің ата-анасы жол апатынан қаза тапты

  • 196
  • UPD: 22:04, 12.10.2019
Танымал әншілердің ата-анасы жол апатынан қаза тапты

Қарағанды облысында Теміртау қаласының маңында жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, 4 адам қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша қаза болғандардың арасында «Орда» тобы солистерінің ата-анасы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік оқиғасы 11 қазан күні Бұқар жырау ауданында Теміртау қаласынан 2 шақырым жерде болған.

«Volkswagen» автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі «Теміртау-Астана» автожолының қарсы бағытына шығып, 28 жастағы ер адамның басқаруындағы «Scania» маркалы жүк автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Volkswagen» автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Ресми емес мәліметтер бойынша қаза болғандардың арасында қазақстандық продюсер және «Орда» тобының әншілері Ерболат және Жанболат Беделханның әке-шешесі болған.

Хабар 24 телеарнасы