426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда дәмхананы «жарып» жібермек болған адам ұсталды

  • 794
  • UPD: 23:16, 13.10.2019
Қарағандыда дәмхананы «жарып» жібермек болған адам ұсталды tengrinews.kz

Қарағанды қаласы Ленин көшесінің бойында орналасқан дәмхананың бірінде белгісіз азамат ғимаратты жарамын деп қорқытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 13 қазан күні 14:30 сағат шамасында болған.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен оқиға орнында 47 жастағы азамат анықталып, ол өзінің қол сөмкесінде «жарылғыш зат» барын және шамамен 15 минуттан соң «жарылатындығын» айтқан.

«Оқиға орны қоршауға алынып, ғимараттан 2 адам эвакуацияланған. Полиция қызметкерлерімен қол сөмке қаралып, онда ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. 47 жастағы азамат облыстық психоневрология диспансеріне жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы