388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында қырғауылды заңсыз атқандар ұсталды

  • 206
  • UPD: 10:12, 15.10.2019
Жамбыл облысында қырғауылды заңсыз атқандар ұсталды

Мойынқұмда алты бірдей қырғауылды атқан 4 адам ұсталды. Көктерек орман қоры аумағында қолға түскендердің бәрі жергілікті тұрғындар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардан атылған құстар мен 4 мылтық тәркіленді. Тексеру кезінде үш қарудың құжаты болмай шықты. Енді бұл адамдарға айыппұл салынып, қарулары жойылады. Тәжірибелі мамандар мұндай олқылықтарды азайтып, болдырмау үшін кейбір заңдарға өзгеріс енгізу керек деп санайды.

Ерназарбек Жантаев, «Сапсан» жедел тобының төрағасы:

- Қырғауылды 15 қазаннан бастап рұқсат беріледі. Ал енді бір қисық заңдар бар бізде. Мысалы, үшін иті барларға 1 қазаннан атуға рұқсат беріледі. Ал енді 5-6 итімен барып, інге кіріп кеткенін суырып алып, болмаса, аспанға ұшқанын мылтық кезеніп тұрған аңшы атып, қырып-жойып, шошытып барлығын кейбіреуі жарақаттанып кетеді. Ал енді 15 күннен кейін иті жоқ адам барғанда не табады ол. Осы заң қисықтау. Осындай заңдарды дұрыстау керек.

Хабар 24 телеарнасы