388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті ұсталды

  • 203
  • UPD: 16:11, 15.10.2019
Алматыда «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті ұсталды

Алматыда «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаев ұсталды.

Харон Дадаев алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«Алматы қалалық полиция департаменті азамат Д. биыл қыркүйекте ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі 4-тармағы («Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен») бойынша айып тағылып, ұсталды. Қазіргі уақытта осы істің материалдары сот өндірісінің қарауында» делінген ресми хабарламада.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы