375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жасөспірімнің жұмбақ өлімі тергеліп жатыр

  • 326
  • UPD: 00:16, 16.10.2019

Ақтауда мектеп оқушысы биік үйдің 9-қабатынан құлап, көз жұмды. Қайғылы жағдай бүгін таңға жуық болған.

Үйінен таң алагеуімде, яғни 4-тер шамасында шығып кеткен жеткіншектің өлі денесі көрші тұрған көп қабатты ғимараттың алдынан табылған. Әкесі вахтада жұмыста болған екен. Ал түнде ұйықтап жатқан анасы ұлының қалай шығып кеткенін байқамаған.

15 жастағы жеткіншек білім алатын №6 мектепте бүгін қаралы күн. Ұстаздары баланың тәртіпті болғанын әрі үздік оқығанын айтады. Баланың қалай қайтыс болғаны әзірге белгісіз. 

Әйгерім Ибатуллаева, облыстық ПД бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 105-ші яғни «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 

Гүлмира Өтегенова, №6 мектеп директоры:

- Бала әрқашан да 1-партада отыратын. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын. Ақкөңіл. Достарымен де өте жақсы. Сыныптастарымен де жақсы қарым-қатынастағы бала. Бүгін таңертең сыныптастарымен де сөйлестік. Әңгіме жүргіздік. Баланың жағдайы туралы. Неге бұлай болғанын айтып. Кеше сол сынып кезекшілік атқарған мектеп бойынша. Кеше ойнап-күліп бірге жүрген бала, өздері таң қалып отыр, күтпеген жағдай деп.

Хабар 24 телеарнасы