385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда оқушылардың астан ұшыну дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 199
  • UPD: 14:58, 17.10.2019
Павлодарда оқушылардың астан ұшыну дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті тексеру барысында мектеп асханасындағы санитарлық ережелердің бұзылуын анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Тексерістің алғашқы нәтижелерін департамент басшысы Ирина Сорокина айтты. Ол уланған балалардың саны 23-ке дейін артқанын және олар 1-7-сынып оқушылары екенін атап өтті.

«16 қазандағы жағдай бойынша стационарда бір бала қалды. Қалған 22 баланың жағдайы қанағаттанарлық», – деді Ирина Сорокина.

Эпидемиологиялық тексеру барысында мектептің ас блогында ереже бұзушылықтар тіркелді. Сондай-ақ зертханалық бақылау кезінде талапқа сай келмейтін сынамалар анықталды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Сонымен қатар, полиция басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Департамент басшысы балалардың улануының нақты себебі бәліштерден немесе лас ыдыстардан болғаны 20 қазан күні, яғни талдау нәтижелері жарияланған кезде белгілі болатынын айтты.

Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялованың мәлімдеуінше, ҚР ҚК-нің 304 бабы – «ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде.

Еске салайық, Павлодар облысының №40 ЖОМ  жеті оқушысы 10 қазанда өздерін жайсыз сезініп, медициналық көмекке жүгінген еді. Араға екі күн салып астан уланғандардың саны 23-ке жетті. 

Хабар 24 телеарнасы