384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада әке мен баланы автобус қағып кетті (видео)

  • 270
  • UPD: 11:31, 18.10.2019

Қызылордада автобус жүргізушісі ер адам мен баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға 17 қазанда сағат 12:30 шамасында Қызылорда қаласы Абай даңғылы мен Ыбырай Алтынсарин көшесінің қиылысы маңында болған. 4 жасар бала көшенің белгіленбеген жерінен жүгіріп шығып, артынан оның әкесі шыққан сәтте оларды қоғамдық көлік қағып кеткен. Алған жарақат салдарынан баланың әкесі қайтыс болып, бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мəн-жайлары анықталып жатыр. Департамент мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды.

Ескерту: Жүйкесі әлсіз адамдарға видеоны көрмеуге кеңес беріледі!

Хабар 24 телеарнасы