388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында полицей адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

  • 232
  • UPD: 13:02, 18.10.2019
Атырау облысында полицей адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен atpress.kz

Атырау облысында тәртіп сақшысының қатысуымен болған жол апаты тергеліп жатыр.

Полиция қызметкері адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырау облысында полиция қызметкеріне жол апатына қатысы бар деген айып тағылып отыр. Исатай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкері  жеңіл көлігімен адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқыс жағдай  Исатай ауданына қарасты Зинеден ауылы маңайында таңғы уақытта болған.

Асылжан Мамышев, ОПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы 3 тармағы және 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы