388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада биыл жол-көлік оқиғасынан 23 адам көз жұмған

  • 196
  • UPD: 14:43, 18.10.2019
Елордада биыл жол-көлік оқиғасынан 23 адам көз жұмған newtimes.kz

Елордада жол-көлік оқиғасы көбейген. Өткен жылы 300-ден астам жол апаты тіркелсе, биыл 400-ден асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сұмдығы сол, 543 адам түрлі жарақат алып, 23 адам қайтыс болды. Балалардың қатысуымен болатын апаттар да азаймай тұр. Жыл басынан бері 5 жасөспірім жол үстінде көз жұмды. Сексеннен астам бала жарақаттанып, ауруханаға түсті. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 30-дан астам іс-шара мен 15 ірі акция ұйымдастырған. Онда ата-аналар мен балаларға түрлі кеңес беріліп, алдын алу шаралары айтылған. Десек те, балалармен жұмысты әлі де күшейту керек. Мысалы, елордада 30 Жасөсіпімдер ісі жөніндегі инспектор жетіспейді. Қазір бос орындарға қызметкер тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бүгін қалада тағы бір акция басталды. «Жолда қабылдау» шарасы кезінде кез келген тұрғын өзін мазалаған сауалға жауап ала алады.

Гүлмира Шрахметова, қалалық полиция департаментінің ЮПБ инспекторы:

- Қазіргі таңда балалар жол-көлік оқиғаларына жиі түседі. Оның себебі мен салдары балалардың жол қозғалысы ережелері барлығына бірдей тең екенін, баршаға ортақ екенін, оның талаптарын барлығымыз бірдей орындау керек екенін мойындай бермеуінде. Екіншіден, баланың көшедегі іс-қимылы, жүріс-тұрысы оны ата-аналарынан қайталайды. Көбінде балалар айтқанға емес, өзінің көзімен көргенге көп көңіл бөледі.

Хабар 24 телеарнасы